Байконуров Самат


Құрметті студенттер, оқытушылар және Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің қонақтары.

Мен, Байқоныров Самат, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінде РЭТ – 07 – 2 мамандығында оқыдым.ҚарМТУда бірінші курс оқып жүріп, қатарынан Болашақтың Президенттік стипендиясына құжаттар тапсырдым. Оңай деп айта алмаймын, бірақ алдыңда мақсат болса бәріне де қол жеткізуге болады.Бірнеше сәтті тесттерді тапсырып болғаннан кейін, әсіресе ағылшын тілінен TOЕФЛ тестінен психологиялық тест және интеллект IQ тесттен кейін мені Тәуелсіз Эксперттер комиссиясы мені сұхбаттасуға шақырды. Отырыстан кейін Республикалық комиссия мүшесі маған Болашақ Президенттік стипендиясын тағайындады. Сол жылдлың күзінде әлемнің ең ірі және атақты қаласы – Торонто да болдым. Жеті ай бойы тіл курстарын оқығаннан кейін, мен Оттавадағы Carleton Университетіне түстім, авиаракета құру ауданы бойынша ең мықты университеттердің бірі. Қазір мен Инжиниринг саласының авиаракетақұру саласында бірінші курста оқимын. Канадада оқып жүрген кезімде мен қайталанбас тәжірибе жинадым және ұмытылмас әсер алдым. Мәдениеттері әр түрлі ұлтпен және қызықты адамдармен таныстым. Адал достар таптым және көп жаңа заттарды білдім.Канада – тыныш және көпұлтты, жақсы инфроқұрылымы, тұрақты экономикасы бар ел.Білім жүйесі барлық әлемде ең тиімді болып саналады. Менің университетімде тәжірибе жұмысына үлкен көңіл бөледі, әсіресе қиын жабдықпен зертханада жұмыс жасағанда. Университет факультеттері өзінің жабдықтануымен жоғарғы стандарттармен ерекшеленеді және әр студенттің жеке көңілін таба біледі. Болашақ Президенттік бағдарламасында оқып жүргенде, өзіңді керек және өз мемлекетіңе пайдалы екеніңді сезінесін!
Сондықтан құрметті студенттер, сіздерге әрқашан алдарыңызға мақсат қойып, соған жетуге, өз еліңіздің шынайы патриоты болуға тілектеспін! Тек осылай ғана жетістікке жетуге және өз Қазақстаныңа пайдалы боласын.

Байқонұров Самат

Без рубрики