«Бұқар жырау – даланың данагөйі, бірліктің батагөйі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз», - деп атап өткеніндей, 2015 жылдың 22 наурызында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Бұқар жырау ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Бұқар жырау – даланың данагөйі, бірліктің батагөйі» республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференция материалдары арнайы жинаққа басылып шығарылады.
Конференцияға қатысу үшін тапсырыстарды, тезистің мәтінін наурыз айының 10-на дейін мына мекенжайға тапсыруларыңызға болады: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, №1 ғимарат, 329 кабинет. Байланыс телефондары: 8 (7212) 56-59-32 (1123 ішкі байланыс) 87017532218
(Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы) немесе электронды пошта: (ktmk.karmtu@gmail.com).
Ескерту: Құрметті конференцияға қатысушылар! Конференцияның өткізілетін күні мен уақыты өзгерілуі мүмкін. Тезисті көрсетілген мерзімге дейін жіберулеріңіз керек. Жинақ мерзімінде шығарылады.
Ақпараттық хат жүктеу