«Бұқар жырау – даланың данагөйі, бірліктің батагөйі» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді


2015 жылғы 22-наурыз күні сағат 09.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бас ғимаратының акт залында Бұқар жырау ауданы әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бұқар жырау – даланың данагөйі, бірліктің батагөйі»  республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаев осы тұрғыда: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз», — деп атап өткеніндей, конференция Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде қазақ халқының көмекей әулиесі, Абылай ханның ақылшысы Бұқар жырауға арналған.

Конференция мақсаты – жастар арасында жыраудың шығармаларын жан-жақты насихаттау, тіліміздің байлығын, көркемдігін өлең-жыр арқылы көрсете білу, жастарды тілін, елін, жерін, тарихын қадірлеуге шақыру.

Конференцияға:

З.О. Дүкенбаева (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының  меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор);

С.М.  Сыздықов (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы этносаралық қатынастар және Қазақстан Халқы Ассамблеясы толеранттығы орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Күлтегін» сыйлығының лауреаты);

А.Н. Алматов (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жырау, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры);

М. Алпысбес (Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы);

Н.У. Шаяхметов (Тарих ғылымдарының докторы, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Ғылыми-сараптамалық қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі);

А.Б. Жұмағұлов (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты);

Ғ.Б. Бақтияров (ардагер-педагог, халық ағарту ісінің озық қызметкері, социалистік жарыс озаты, Бұқар жыраудың ұрпағы), сонымен қатар облысымыздың қоғамдық ғылым саласындағы танымал ғалымдар мен белгілі саясаткерлер, оқытушылар, магистранттар қатысады.

Конференция туралы қосымша мәліметті төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Қарағанды қ., Бейбітшілік б.

Тел.: 56-59-32 (1123)  Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы

E-mail: kargtu@kstu.kz

www.kstu.kz

 

Без рубрики