«Қазіргі заман кезеңдегі діни экстремизмнің түсінігі, студенттерді құқықбұзушылықтан қорғау»


2016 жылдың 14 қазанында «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерімен «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Р.М. Сыздыковпен «Қазіргі заман кезеңдегі діни экстремизмнің түсінігі, студенттерді құқықбұзушылықтан қорғау» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында діни экстремизм, терроризм туралы ақпарат айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған түрлі діни мәселелер талқыланды. Кімнің сүрелерін, қандай кітаптарға негізделіп оқу керектігін айтты. Жалпы студенттер өзіне қажетті біраз мағлұмат алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Без рубрики