«Қазақстанның ғаламдық бастамалары: жастар көзқарасы» –халықаралық студенттер форумы

28 мамыр күні  Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Астана қаласының 20-жылдығы және университеттің 65 жылдығына орай Еуразия экономикалық одағы және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің студенттерінің қатысуымен  «Қазақстанның  ғаламдық бастамалары: жастар көзқарасы» атты үш күндік халықаралық  студенттер форумы  жұмысын бастады.

Форумның негізгі мақсаты –  студент жастарды Елбасы Н. Назарбаевтың әлем елдері қауымдастығының ынтымақтастығы және қауіпсіздігіне бағытталған идеялары мен бастамаларымен таныстыру, оларды алға жылжыту идеяларын талқылау.  Форумды Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Марат Ибатов ашып, студенттерге табыс тілеп, адамзат үшін еңбек етуге шақырды.

Форумға Ресей, Қытай, Үндістан, Орта Азия (Тәжікстан,  Өзбекстан, Қырғызстан) елдерінің студенттер делегациясы қатысып, құрметті қонақтар ретінде  ҚР Президентімен бірге оқыған жолдасы, саясаттану ғылымының докторы, профессор  Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов, медицина ғылымының докторы, ҚММУ профессоры Вилен Борисович Молотов-Лучанский, «Невада-Семей» ядролық қаруландыруға қарсы қозғалысы Қарағанды облыстық қоғамының төрағасы Марғұлан Хамиевич Хамиев, «Невада-Семей» ядролық қаруландыруға қарсы қозғалысы белсенді қатысушысы,  «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының  «Жас Отан» қанатының төрағасы Нұржан Арғынұлы Жетпісбаев және т.б. шақырылды.

Жастар жиынының бағдарламасында жетекші саясаттанушылардың дәрістері мен тренингтері, интеллектуалдық ойындар мен семинарлар өткізіледі деп жоспарланып отыр. Халықаралық және аймақаралық жоғары оқу орындарының студенттік ұйымдарының  байланысын нығайту мақсатында меморандумдар жасалып, оларға қол қойылады. Сонымен қатар қонақтар Астана қаласындағы  ҚР Президентінің кітапханасына, Қарағанды облысының Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына» сапар шегеді.

Форумның соңғы күні студенттер 30 мамыр күні болатын VI жыл сайынғы Ректор балына қатысады.

Без рубрики