ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ОТАН ҚОРҒАУШЫНЫҢ БЕЙНЕСІ


2016 жылдың 10 желтоқсанында ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай «Қазақстандық жас Отан қорғаушының бейнесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың бойындағы патриоттық сезімді ояту, болашақ Отан қорғаушыларының рухани бейнесін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында студенттер «Қазақстандық жас Отан қорғаушының бейнесі қандай болу керек?», «Бүгінгі күні жастар Отан алдындағы борышын қаншалықты өтеп жатыр?», «Жастар неге әскерге барудан қашады?» деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, болашақ Отан, отбасы қорғаушылары жайлы видео-роликтер тамашалады. Аталған іс-шара аяғында дөңгелек үстелге қатысушы студенттер бір ауыздан: «Біз ең әуелі болашақ отбасымыздың қорғаушысы екенімізді естен шығармайық, сондықтан нағыз Отан қорғаушысы болу үшін кеудемізде жігітке тән намыс және жүректе отымыз болу қажет», — деп өз ойларын қорытындылады.

Снимок

 

Видео-ролик көру барысында

Қазақстандық жас Отан қорғаушының бейнесі    

Без рубрики