Қазақстандықтар тамаққа үнемдейтін болды.


Неге қазақстандықтар тамаққа қаражат үнемдей бастады? ҚарМТУ-дың «Өнеркәсіп экономикасы» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бура Ахметжанов 31 арнаға өз ойымен бөлісті.

«informburo.kz» мультимедиа порталының ақпараты бойынша, республиканың көптеген тұрғындары жеміс және теңіз азықтарынан бас тартуда.

Басты себеп, әрине, бағаның өсуі. Республиканың статистика бойынша  агенттігі есетеп көрсеткендей өткен жылдан беру қазақстандықтар жеміс және балық алуды қысқартқан.

Өткен жылмен салыстырғанда жарма 21,1 %, ұн- 12,3%, балық және теңіз тағамдары- 6,8%, сүт өнімдері- 6,5%, ет және теңіз тағамдары- 3,8% қымбаттаған. Егер 2014 жылы орта статистикалық қазақстандық  барлық азық-түлік шығынынан  балық және етке 22,5% жұмасаса, биылғы жылы – 21,9%..

Экономисттердің айтуы бойынша, тұтынушылардың сұранысын қысқаруына себеп болған азық-түліктің қымбаттауы ғана емес, сонымен қатар оқу, көлік қатынасы және комуналдық шығындардың қымбаттауы.

БУРА АХМЕТЖАНОВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

— Егер қаңтар- ақпан- наурызға қарасақ, еңбекақы ол қалпында қалған. Сондықтан тұтынушылар кіріс пен шығындарының теңдігін жасайды. Солайша тұтынушылық бөлігін үнемдей бастады.

Соңғы жылы еңбекақылар орташа есеппен 9% өсті. Ең жақсы үлес кен алу саласындағы қызметкерлердің жалақысы 23%. Қалғандарына үнемдеуге тура келді.

Сауалнама:

— Менің зейнетақыммен мен таққа үнемдеймін.

— Жолақысына. Мен Михайловкада тұрамын. Көбінесе жаяу жүремін.

— Киімге үнемдеймін.

— Көңіл көтерулерге.

Жыл сайын Қазақстан шетелден 4 млрд тенгеге азық алады. Республикада өзіндік көкөністер, құс еті жеткіліксіз, сондықтан импорт қымбатқа түседі. Мүмкін, Оңтүстік-Қазақстан өңірінде құрылып жатқан  жылыжайлар бағаны реттеуге септігін тигізер.

Без рубрики