«Қазақстандағы химиялық қауіпсіздік: Сұрақ және Жауап» көрмесі


2015 ж. 1- 10 сәуір аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Өндірістік экология және химия» кафедрасында «Қазақстандағы химиялық қауіпсіздік: Сұрақ және Жауап»  жылжымалы көрмесі өтеді.Көрме мақсаты- ҚР тұрақты даму концепциясын, «Химиялық қауіпсіздікт жақсарту бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасын  жүзеге асыру , сонымен қатар «Жасыл экономика» қағидаларын енгізу және  «Астана EXPO — 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде химиялық қауіпсіздікті қамьамасыз ету юойынша халықтың сауаттылығын арттыру.

Көрме ұйымдастырушылары— «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» БҚ, «Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологиялырды енгізу орталығы» БҚ және ҚарМТУ.

Көрме ҚарМТУ-дың «Өндірістік экология және химия» кафедрасы ұжымы мен Қарағанды облыстық экологиялық мұражайының ұзақ мерзімді ынтымақтастығының нәтижелерінің бірі.

Көрме жұмысының барысында келесі тақырыптарда дәрістер оқылады:

  • «Химиялық қауіпсіздікт жақсарту бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жоюасы туралы (03.2015ж.);
  • Ауыр металлдар, олардың қоршаған орта және адам ағзасына әсері. Ластаумен күресу жолдары (04.2015ж.);
  • Тұрақты органикалық ластауыштардың қоршаған орта және адам ағзасына әсері. Ластаудың алдын алу жолдары (04.2015ж.).

Көрме туралы қосымша ақпарат:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,

Қарағанды қ., Терешкова 19, 5 ғимарат

Тел.: 56-79-32, Кабиева Сауле Казжановна

E-mail: kargtu@kstu.kz , www.kstu.kz

Без рубрики