Ұлттық инновациялар байқауы


Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» Ұлттық инновациялар байқауын жариялады.

Байқаудың негізгі мақсаты – барлық жастағы өнертапқыштарды, мектеп оқушыларынан бастап ірі кәсіпорындарға қамту. Жалпы жүлде қоры – 11 млн.теңге.
Байқауға:
— жоғары сынып оқушылары;
— колледждердің 1 және 2 курс студенттері;
— студенттер (25 жасқа дейін);
— өнертапқыштар, кәсіпорын қызметкерлері;
— журналистер қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2017 жылғы 1 қазанға дейін www.natd.gov.kz сайтында жүзеге асырылады.
Нақтырақ мәліметтерді мына телефондар арқылы алуға болады:+7 (7172) 57 10 14 (ішкі. 245, 246, 248, 429, 777)

Без рубрики