Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады

5 қазан, Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналған.

Елбасы өзінің жаңа жолдауында Қазақстан дамудың қай бағытын алады, мемлекеттік құрылымдардан халық не күтеді, ел әрі қарай қалай өмір сүреді, ұстаздар мен полицейлердің беделін қалай көтеру керек сияқты сұрақтар мен қазіргі Қазақстанды дамытудың басқа да маңызды мәселелері туралы айтты.

Н. Назарбаев Жоғары білім сапасына, түлектерді жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, түлектердің сұранысы ЖОО-ның жұмыс сапасын бағалау критерийі болады.  Осыған байланысты түлектері жұмыс берушілерде сұранысына ие болмаған жоғары оқу орындары қысқартылады.

Назарбаев Университеті үлгісінде аймақтық Политехникалық университет құру ұсынылды. Қазіргі заманғы жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті болуы тиіс және инновациялық технологиялар, баламалы энергетика және жаңа материалдарды әзірлеу саласындағы кәсіпорындармен бірлесіп өзінің ғылыми-зерттеу базасын дамыту керек.

ҚарМТУ-да Президенттің Жолдауы он-лайн режимде көрсетілді, оған оқытушылар мен студенттер қатысып, білім беру мен технологиялық даму бойынша сұрақтар мен міндеттерді талқылады.

 

 

 

Без рубрики