Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша студенттермен кездесу


9 ақпан 2017 жылы Патриоттық тәрбие беру ғылыми-зерттеу институтымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша студенттермен кездесу өтті.

Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ директоры Д.Е. Джакупова 31 қаңтар 2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа кезекті жолдауын үндегенін айтты. Әр жолдау стратегиялық және бағдарламалық құжат.

Президент өз жолдауында бес негізгі басымдықтарды көреді. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

  1. Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық

жаңғыртылуы.

  1. Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.
  2. Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.
  3. Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.
  4. Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Танысқаннан кейін, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Қазіргі заманғы маңызды жайттар және еліміздің одан әрі даму бағыттары көрсетілді.

Жалпы алғанда, Жолдауды талқылауға және конституциялық реформаларды талқылауға студенттер белсенді қатысты. Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.

Без рубрики