Қазақстан Республикасының премьер — министрі Кәрім Мәсімов облыс жастарымен кездесу шеңберінде ҚарМТУ-ға келді

27 маусым 2016 жылы Қазақстан Республикасының премьер- министрі Кәрім Мәсімов облыс жастарымен кездесу шеңберінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне келіп, білім, ғылым және инновациялар саласындағы ЖОО — ның жетістіктерімен танысты.

Премьер — министрді ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сагадиев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.А.Абишев, ҚарМТУ ректоры А.М.Ғазалиев күтіп алды.

Бас ғимараттың фойесінде ректор қонақтарды ИИДМБ-2 жобаларын жүзеге асыру барысымен таныстырды. Қонақтар Университетте жұмыс берушілердің ассоцияциасымен бірлестікте жасалған ҚарМТУ инновациялық жобаларының көрмесімен (есіктің сол жағында), көрмеде қойылған Орталық Қазақстан аймағы өндірісінің өзекті бағыттарының 27 кәсіби стандарттарымен (Қарағанды облысының индустриаландыру картасына сәйкес) танысты.

Кейін қонақтар бас ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, автоматтандырудың брендт құралдарының  заманауи оқу — өндірістік кешенімен қамтылған «ҚарМТУ — Schneider Electric» (128 б.) және «ҚарМТУ — Mitsubishi Electric — КазпромАвтоматика» (134 б.)  авторландырылған білім беру орталықтарына барды.

Содан соң қонақтар 2007 жылы ҚарМТУ негізінде Елбасының бұйрығын орындау мақсатында құрылған және халықаралық акредиттеуден табысты өткен, құрылғанынан бастап бүгінге дейін кәсіпорындадың тапсырысы бойынша ғылыми зерттеулер орындап келе жатқан (жертөле қабаты) Инженерлік бағыттағы сынақ зертханасына, №1 «Машинажасау» жұмысшы мамандықтары оталығына (100 б.), металлургиядағы инновациялық технологиялар зетханасына (102 б.) және ҚР Тұңғыш Президентінің музейіне (114 б.) барды.

Қонақтар ҚарМТУ-дың кіріктірілген білім беру және ғылыми – өндірістік базасы, Корпоративтік университет кәсіпорындары, Технология колледжі, Жұмысшы мамандықтар орталығы Елбасының алға қойған өзекті мәселесі —  Жаппай Еңбек Қоғамын құру арқылы елді әлеуметтік жаңашаландыру  мәселесін шешуге 20 қадам жасауға мүмкіндік беретініне көз жеткізді.