Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің жауапты хатшысының сапары

2016 жылдың 18 қарашасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Қуатбекұлы Рахымжанов ҚарМТУ-да болды. Қонақпен бірге Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Марғұлан Сібірұлы Кәрібеков те университеттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Оқу орны бойынша экскурсия барысында қонақтарға  әлемдік деңгейдегі зертханалар, Университетте Mitsubishi Electric  («Мицубиши Электрик»), Schneider Electric («Шнайдер Электрик»), Festo («Фесто») және Leica Geosystems Kazakhstan секілді компаниялармен әріптестік нәтижесінде ашылған, білім беру бағдарламалары бойынша оқытатын инновациялық орталықтар туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, қонақтар жетекші трансұлттық компаниялардың қатысуымен ашылып, ИИДМБ-2 бойынша мамандар даярлауға үлес қосып жүрген инженерлік орталықтармен, Қазақстандық дәнекерлеу институтымен, Инженерлік бағдар зертханасымен танысты.

Соңында қонақтар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылған, тұсаукесері 25 қараша күні «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Қазақстанды қалыптастыру бойынша тағдыркешті шешімдері» атты IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция шеңберінде болатын Метан энергетикасының зертханасының жабдықталуымен танысты.

ҚР БҒМ жауапты хатшысы Ә.Қ.Рахымжанов ҚарМТУ-дың қызметі мен ИИДМБ-2  жобаларын жүзеге асыруға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.