Қазақстан ректорларының кеңесі жұмысын бастады


Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары ректорларының кеңесі жоғарғы және жоғарғы оқу орынан кейінгі білім беру бойынша  жоғарғы оқу орындардың іс-әрекетін бағыттау, оқу үдерісін, ғылыми жұмыстарды, ғылыми- педагогикалық мамандар мен басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оң тәжірибені жалпылау және тарату, жоғарғы білім беру жүйелерін жетілдіру, елдің білікті мамандарға деген сұранысын қамтамасыз ету,сонымен қатар жоғарғы оқу орын ұжымдары мүшелерін әлеуметтік қолдау мен қорғау мақсатында құрылған.

Кеңес іс-әрекетінің негізгі бағыттары:

  1. оқу үдерісін ары қарай жетілдіруге, ғылымды дамытуға және материалдық- техникалық базаны жақсартуға бағытталған жоғарғы білім берудегі жалпы әдістер мен саясатты анықтау үшін ұсыныстар жасау;
  2. жоғарғы және жоғарғы оқу орынын кейінгі білім беру саласында нормативті құқықтық актілер дайындау;
  3. экономика қажеттіліктерін, қолда бар еңбек ресурстарын және оқу орындарының, мамандықтардың және ҚР жоғарғы оқу орындарындағы дайындау бағыттарының ұтымды орналасуын есепке ала отырып, жоғарғы және жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім беруді дамыту бойынша ұсыныстар жасау;
  4. студенттер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің  академикалық ұтқырлығына жәрдемдесу, мамандар мен ғылыми зерттеулерді дайындау, қайта дайындау және біліктіліктілікті арттыру саласында жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелерді енгізуді дамыту;
  5. ҚР ЖОО-ның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен студенттердің пратикалық дайындығы, ЖОО түлектерін еңбекпен қамту мәселелері бойынша юайланыстарын нығайту;
  6. кәсіби бағдарлау және дарынды жастармен жұмыс істеу бойынша ЖОО іс-әркеттерін үйлестіру;
  7. ЖОО-ды дамыту, студенттер, магистранттар, докторанттар, тыңдаушылар, оқытушылар мен ЖОО-ның басқа да қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстар жасау;
  8. жоғарғы оқу орындарының халықаралық тікелей байланыстарын нығайту және дамытуға үлес қосу;
  9. ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша жоғарғы және жоғарғы оқу орынын кейінгі білім беруге қатысты барлық нормативті актілер жобаларының тексерісін жүргізу;
  10. салалық академиялар, ЖОО ассоциациялары, жұмыс берушілер ассоциациялары, қорлармен ынтымақтасу;
  11. ЖОО ректорлары мен басқа да жетекші жұмыскерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруға көмектесу;
  12. жоғарғы мектеп қызметі бойынша кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;

ҚР ЖОО Ректорлар кеңесін құру туралы бұйрық 

ҚР ЖОО Ректорлар кеңесі туралы ереже 

ҚР ЖОО Ректорлар кеңесінің құрамы 

ҚР ЖОО Ректорлар кеңесі отырысының хаттамасы (№1) 

Байланыс:

E-mail: srvrk@enu.kz

Тел: +7 (7172) 709559

Тел: +7 (7172) 709500  ішкі 31208

Ақпарат Еуразия ұлттық университетінің сайтынан алынған

Без рубрики