«Қазақстан білім қоғамының жолында»


Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті

Бейбітшілік бульвары, 56

e-mail: kargtu@kstu.kz

www.kstu.kz

Құрметті редакторлар мен тілшілер!

Қыркүйек айының 5-і Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің барлық студенттері ерекше дәріс тыңдады. Бұл іс-шараның маңыздылығы дәріс оқушы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев болуымен атап өтілді.

«Қазақстан білім қоғамының жолында» интерактивті дәрісінде мемлекеттің алға сәтті қозғалысын жалғастыру үшін білім, ғылым, экономика және саясатта не істеу керектігі туралы өз ойларымен бөлісті.

Қазақстан Президенті білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту, білім алу және жоғары технологиялардың даму мәселелеріне көп көңіл бөлді.

Сөз сөйлеудің аяғында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет жастарын жан-жақты дамуға, спортпен шұғылдануға, өнермен айналысып, шетел тілдерін үйреніп, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын түсінуге шақырды.

Без рубрики