Қазақ-румын ынтымақтастығы дами түсуде

Маусымның 23 күні Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігіні және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырған «International Education Fair 2017» Халықаралық білім беру көрмесінде университетіміз бірқатар шетелдік ЖОО-мен, соның ішінде Бухарест политехникалық университетімен серіктестік туралы меморандумға қол қойған болатын.

Қазақстанға екі күндік іс-сапармен келген Румыния делегациясы 27 маусым күні қаламызға ат басын тіреді. Облыс әкімі Ерлан Қошановтың қабылдауында болғаннан кейін румындар Қарағанды облысының Спасск мемориалындағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болған жерлестерін еске алу рәсіміне қатысты. Қонақтардың одан кейінгі аялдамасы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болатын. Құрамында Румынияның мемлекеттік, қоғамдық ұйымдары және БАҚ өкілдері болған делегацияны университетімізге осы елдің сыртқы істер министрі  Теодор Мелешкану  бастап келді.

Кездесуде министр Қазақстан және Румыния елдері арасындағы сыйластық пен түсінушілік нәтижесінде саяси-экономикалық тұрғыдан өте  маңызды мәселелердің шешімін тауып жатқанын айтып өтті. Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитардық байланыстар, БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы халықаралық серіктестіктер бүгінгі таңда мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығйтудағы міндеттерін тиімді атқаруда, — деді

Ал ЖОО арасында жасалған келісімдер студенттердің, атап айтсақ, бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша екі елдің университеттерінде білім алып, екі дипломды иеленуіне мүмкіндік бермек.  Мәселен, магистратурада оқитын жас бір жыл отандық оқу орнында оқып, келесі оқу жылын әріптес шетелдік университтетте жалғастыра алатын болады. Бұл мамандардың әлемдік білім беру ортасындағы бәсекелестікке қабілеттілікті арттырмақ.

ҚарМТУ қабырғасында қонақтар білім ордамыздағы инновациялық жобалар көрмесімен танысып,  «ҚарМТУ – SchneiderElectric» и «ҚарМТУ – Mitsubishi Electric – Казпромавтоматика» оқу орталықтарының жұмысымен танысып, ҚР Тұңғыш Президентіне арналған мұражай экспозицияларын тамашалады. Жылы лебіздер мен еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу соңында Румыния делегациясы университет басшылығы мен ұжымына алғыс білдіріп, оқу орнына жаңа  жетістіктер мен табыс тіледі.

Без рубрики