Автоматты компьютерлік жүйе арқылы емтиханның өткізілуі.

Емтиханды  автоматты компьютерлік жүйе арқылы тапсыру мүмкіндігін іске асыру үшін Сізге топ пен емтихан пәнін көрсетіп, ОӘБ  назар салу керек. Бұдан кейін студенттердің қажетті тестке рұқсат алу үшін Сізге пароль тізімі беріледі.

Әрбір студент, өзінің кіруге рұқсат паролін алған соң, браузерде, ҚарМТУ  http://www.kstu.kz, сайтының мекенжайын теріп, Емтихандық тестіні орындау  нұсқамасын тауып, «Автоматикалық кіру-Авторизованный вход» бабын таңдап, одан кейін өзінің факультетін,тобын,тегін,пән атауын,парольді еңгізіп,тесті орындауға кіріседі.

Тесті аяқтаған соң қабылдаушы оқытушы АРМ «Оқытушыға» өзінің логині арқылы кіріп, «Білім беру порталы»→ «Тесті өткізу»→ «Қол жетерлік тестілер» (1 Cуретті қара) мәзірінде бапты таңдайды.

1 сурет
kat_ekz_

Тізімде өткен емтихан пәнін тауып, оң  бағанадағы «Көру» түймесін басу қажет. Ашылған бетте керекті факультет пен топты таңдаған соң, экранда тест қорытындылары жөнінде ақпарат беріледі. (2 Суретті қара). Кестенің сол бағанасында бағалар қорына тест қорытындылары қажет деп табылған студенттер белгіленеді. Одан кейін,  «Қорытындыларды растау»  түймесін басып, белгілену қорытындылары жөнінде  ақпаратты күтіңіз.

2 Сурет
kat_ekz0

Содан кейін «АРМ Оқытушы» – «Емтихан бағаларының енгізілуі» мәзірлерінен баптарды таңдап, пән атауы және топ еңгізіліп,  «Емтихан» бабы  көрсетіледі  ( 3 Суретті қара). Тапсыруға рұқсаты жоқ (ТРЖ)  немесе келген жоқ (КЖ),  емтиханды тапсырмағандар міндет емес (Ме) студенттері жөнінде ақпаратты қосады. Сізге «Сақтау» түймесін басу қажет. Содан кейін қорытынды ведомосын басып шығару керек.
kat_ekz1

Без рубрики