Австралиядан делегацияның келуі

10 қыркүйек күні ҚарМТУ-ға Австралиядан делегация келді: Браен Плаш — ғылымдар докторы, бас инженер, Патрик Брэди — жоба директоры, Майкл Кондос — компанияны басқармасының төрағасы. Қазақстаннан қонақтарды Ален Тугамбаев — «Аласам» ЖШС директоры, Ермек Еркебаев — «Omniars» ЖШС директоры қарсы алды.

Шетелдік өкілдердің келу мақсаты- Қазақстан және Автралия елдерінің екі жақты ынтымақтастығы.

Сұхбат тақырыбы- «EnviroContaminatemitigation» компаниясының инновациялық технологиялары негізінде кәсіпорын ұйымдастыру, өндіру саласында тазалау және қауіпсіздік құрал-жабдықтарды құрамдау бойынша завод ашу.

«Нұр Отан» партиясының қолдауы және бастамасымен, бағдарламалар шеңберінде, осы бағыттағы алдыңғы қатарлы ЖОО ҚарМТУ-мен танысу өтті. Делегация кәсіпорын ашылғаннан кейін болашақта студенттер мен түлектеді жұмысқа шақыру бойынша ынтымақтасықты жалғастыруға көңіл білдірді. Сонымен қатар, қонақтар тәжірибе алмасу мақсатында оқытушылық құрамға арнап инновациялық жобаның презентациясын өткізді.

Без рубрики