Ата дәстүрін сақтау үшін


Шығыс халықтары үшін маңызды мереке дәстүрлі Наурыз мейрамы қарсаңында 17 наурыз күні  ҚарМТУ-дың «Политехник» мейрамханасында студенттердің ұйымдастыруымен Nauryz time атты мерекелік шара өтті.  Бұл күнгі кеште ҚарМТУ-дың жас өнерпаздары  студенттер қауымы және ұстаздарының алдында түркі халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сол ұлттың тілінде жеткізіп, көріністер қойды.

Алдын ала факультеттер арасында ұлттық спорттық ойындар және өнер байқауы да өткізілді. Екі кезеңнен тұрған байқаудың алғашқы  бөлімінде арқан тарту, аударыспақ, асық ату сияқты ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараның екінші кезеңінде түркі халықтарының салт-дәстүрлері, ұлттық киімдер шеруі көрсетіліп, ән мен күйден шашу шашылды. Кеш мерекенің символы – ұлттық тағамымыз «Наурыз көже» даярлау сайысымен соңына ерді.

Бұл шараны ұйымдастыруға ұйтқы болған ҚарМТУ-дың «Жас Орда» студенттер кәсіподағы ассоциациясының мүшелері еді.

Мерекелік шара мәресіне жеткенде сайыс жеңімпаздары анықталып, жеңімпаз командаларға жүлделері табысталды. Сайыс қорытындысы бойынша мына факультеттердің студенттері жеңімпаз атанды:

1-орын — Машина жасау факультеті;
2-орын —  Сәулет-құрылыс факультеті;
3-орын   — Инженерлі экономика және менеджмент факультеті.

 

Без рубрики