«Астана-мақтанышым» дөңгелек үстел


2016 жылдың 24 маусымында ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында «Серпін-2050» оқу орталығы жетекшісі Жетпісбай Шолпан Аханқызының  жетекшілігімен Астана күніне орай «Астана-мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана — тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі. Дөңгелек үстел барысында студенттерге сұрақтар қойылып, аталған мереке жайлы өз ойларымен бөлісіп, бейнефильм көрді.

серп

серп2

Без рубрики