Асқар Таир


DSC00072

«Болашақ» Халықаралық стипендияның иегері болу мен үшін үлкен құрмет. Бұл мақсатқа жету үшін мен ұзақ және азапты жолдан өттім. Басында «Болашақ» стипендиясының иегері болу өте қиын деген ой болды, алайда ҚарМТУ қабырғаларында алған білім мен ағылшын тілін үздік меңгергені үшін мен бұл мақсатқа жеттім. Стипендия иегері болған соң, үлкен жауапкершілікті сезінесін. Үздік оқудан басқа айналадағы адамдар (шетел адамдары) Қазақстан туралы, мәдениеті және басқа құндылықтарды саған қарап пікір айтады деп түсінесін. Осыны түсініп, әрқашан алдыда болуға және өзіңді үздік жағынан көрсетуге тырысасын.

545805_672265624018_1256665971_nҚазіргі уақытта мен University of Pennsylvania Филадельфия қаласында тілдік курста оқимын. Мен үшін улкен мегаполисте тұру және әлемнің әр түрлі мемлекеттерінен шетелдіктермен әлемнің ең үздік университеттерінде оқу үлкен тәжірибе. Әр күн сайын мен өзіме жаңа заттарды ашамын. Бұл адамның ішкі дүниесін байытады. Мен біздің республикамыздың Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа жастарға әлемнің ең үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіремін. Менің ойымша, бұл мемлекеттің дамуына өте дана қаржы салу, себебі білімге салым өз жемісің әкеледі, біздің мемлекетіміз жоғары білімді халқымен жетекші мемлекеттердің біріне айналатынына мен сенімдімін.

Болашақ талапкерлерге сәттілік және емтихан кезінде өздеріңе сенімді болуға тілеймін. Әрқашанда білімге ұмтылыс жасап, алдыға қойған мақсатқа жетіп, одан сайын жақсы болуға тырысыңдар. Біз, жастар мемлекеттің болашағымыз, біздің Отанымыздың дамуына өз үлесімізді қосайық! Бар жақсылықты және сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Асқар Таир

Без рубрики