Ашық есік күндері


31 қаңтарда  абитуриенттерді, түлектерді, мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, басқа ЖОО-ның және жалпы, ҚарМТУ-ға оқуға ауысқысы келетін студенттерді, ата-аналар қауымын Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Ашық есік күніне шақырамыз!

Сіздерге  мынадай ақпараттар ұсынылады

  1. Жоғары кәсіби білім беру бағдарламалары туралы (бакалавриат, мамандық алу, магистратура);
  2. Орта кәсіби білім беру мамандықтары туралы (Университеттің инновациялық технологиялар колледжі);
  3. Қарағанды техникалық университінде оқудың артықшылықтары туралы;
  4. Жоғарыоқу орнынан кейінгі білім туралы;
  5. 9-11-сынып оқушылары және орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған университеттің Кәсіби бейіндеу орталығының даярлық курстары жайлы;
  6. 2017/18 оқу жылына жоғары және орта кәсіби білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін қабылдау емтихандары туралы.

Сіздер университеттің Қабылдау комиссиясының, Кәсіби бейіндеу орталығының өкілдеріне өздеріңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыздар. Сондай-ақ мұнда алдын ала Даярлық курсына жазылып, сынақ тестілеулерге қатысу мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл тестілеу арқылы Сіз ҰБТ және КТА-ға қаншалықты дайын екендігіңізді анықтай аласыз.

Сіз мынадай ақпаратқа ие боласыз: 

  1. Неліктен ҚарМТУ Қазақстанның ең үздік ЖОО болып саналады?
  2. Студенттер неліктен өздері оқып жатқан білім ордасын сүйеді?
  3. Университеттегі студенттік өмір қалай ұйымдастырылған?
  4. Түлектер үшін біз қандай мүмкіндіктер ұсынамыз?
  5. Оқу корпустары мен жатақханаларда қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
  6. Университетте білім ала отырып, қосымша немен шұғылдануға болады?

Келесі Ашық есік күні:

2017 жылдың 15 наурызы  және 5 сәуір күні.

Байланыс ақпараттары және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне бару сызбасы

ҚР Тұңғыш Президентінің ЖОО – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. 100027, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56.

Барлық сұрақтар бойынша Кәсіби бейіндік орталығына хабарласыңыздар: (call — орталық) тел.: 8 (7212) 56-17-98; 56-78-38; 56-44-22

Жұмыс уақыты: дс. — жм. 08.30 — 17.30 (үзіліс 12:30 – 13:30 дейін)

Жұмыстан тыс уақытта электронды пошта арқылы сұрақ қоя аласыз,

е-mail: kargtu_cmdo@mail.ru

Немесе сайттағы форма арқылы  СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн өтінім

 

 

Без рубрики