«Қарттар күні»


Өткізілген «Қарттар күні»  іс-шарасының есебі

01.10.2015 ж.  «Политехник» кафесінде

2015 жылы 1 қазан сағ 12:00 01.10.2015 ж.  «Политехник» кафесінде ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиевтің, Университет ардагерлері мен құрметті қонақтарының қатысуымен «Қарттар күні»  мерекесін тойлауға байланысты концерт өтті.

Біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясының шешіміне (1990 ж. 20 желтоқсандағы 45/106 қарар)  сәйкес Халықаралық қарттар күні (International Day of Older Persons) 1991 жылдан бастап жыл сайын 1 қазанда тойланады.

Қарттар күні- бұл ата-аналарымыз, ата-әжелерімізді ерекше ықылас пен мейірімге бөлейтін, жарқын мейрам. Бүгінгі күні бұл мереке өте ерекше, себебі ол қазіргі қоғамдағы қарт адамдардың көптеген мәселелеріне назар аударады. Біз өзіміз үшін қымбат адамдардың қажеттіліктерін білуіміз қажет.

Іс-шараны ұйымдастырушылар- Университеттің жастар саясаты департаменті.

 

Без рубрики