Қарттар үйінде өткен қайырылымдылық концерті


2015 жылдың 15 желтоқсанында Студенттер Кеңесі және «Серпін- 2050» оқу бағдарламасы бойынша оқуға түскен бір топ серпін жастары қарттар үйінде қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Аталмыш іс- шараның мақсаты асқар тау әке мен ақ сүт берген аяулы аналарымыздың көңілдеріне бір сәт болсын қуаныш сезімін ұялату болды. Концерт барысында студенттер арнайы дайындап барған өнерлерін паш етті. Домбырамен күй тартып, ата- әжелерімізге түрлі ойындар ойнатты. № 1 жатақхананың қаржылай көмегімен қарттарға сыйлықтар табыстады.

Без рубрики