ҚарМТУ түлектері МІжГ кафедрасында өткен дөңгелек үстел басында бас қосты

«Түлек-2017» жыл сайынғы жәрмеңкесі қарсаңында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы ҚарМТУ-дың түлектерімен дәстүрлі кездесу өткізеді.

Түлектермен болған басқосу барысында кафедра оқытушылары білім беру, ғылыми және өндірістік мәселелерді талқылап, мемлекеттік индустриялық инновациялық бағдарламасы аясында мамандар дайындау ісінде құзіреттілік әдіснаманы қолдану шаралары жайлы сұхбаттасады.

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы бәсекеге қабілетті болашақ маман дайындауда студенттерді өндірістік жағдайда инновациялық кәсіби шешімдер шығаруға баулуды өзіне мақсат етіп қояды. Маркшейдерлер, геодезистер және картографтарды дайындаудағы басты бағыт космостық және жерден түсірілген суреттерді зерттеуді үйрету болып табылады. Әсіресе, тау-кен-металлургиялық кешендердегі объектілерде  кейіннен геологиялық, геотехникалық және технологиялық міндеттерді шешуде қолдану үшін сандық модельдерді  жасауда лазерлік технологияларды қолдану  – аса маңызды іс. Оқу процесінде және шаруашылық келісімшарттарын жасасуда өз тиімділігін жоғалтпайтын геодезиялық құрал-жабдықтар жасау ісінде  аталмыш кафедра заманауи құралдармен қамтамасыз етілген.

Осы саланы дамытудың маңызы қарастырылған дөңгелек үстел басында  МІжГ кафедрасының меңгерушісі Ф.К. Низаметдинова бүгінгі таңда тау-кен кәсіпорындарында жауапты лауазымдарда қызмет істейтін түлектер «Kazakhmys» ЖШС-нің геомеханикалық қызметінің басшысы А.К. Толысбаев, «ССГПО» АҚ геомеханикалық қызметінің тау-кен инженері  Е.Н. Токкужин, «AltuntauKokshetau» АҚ  инженер-геотехнигі А.Д. Кожемжаров, «Kazakhmys» ЖШС  Балқаш кен байыту фабрикасының жетекші маманы Е.А. Досанов сынды түлектермен және ГиК-14-3 тобының студенттері: Д. Молдыбаева, Т. Поликарпова, Мет-16-2 тобының 1-курс магистранттары: Н. Дорош, Д. Кулыгин, сондай-ақ кафедраның ППҚ доценттер Е.Н. Хмырова, О.Г. Бейсембаева, Е.А. Олейниковалармен маңызды мәселелер жайлы пікір алмасты. Өзара сұхбат барысында маркшейдерлік іс және геодезия саласында тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие болатын болашақ мамандарды дайындау міндеттері анықталды. Осы міндеттерді орындау үшін дөңгелек үстел қатысушылары тиімді де тығыз әріптестік байланыс орната отырып, ЖОО-нда оқып жүрген студенттерді дипломалды және өндірістік тәжірибелерден өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, шаруашылық келісімшарттарын жасасу жайлы шешім шығарды.
Елена Хмырова

 

Без рубрики