ҚарМТУ студенттерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуі

ҚарМТУ студенттерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуі 2012 жылдың 10 қазан айында «Жастар Әлемі» жастар сарайында, ҚарМТУ бірінші курс студенттерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты жастар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу. Басты міндет қолданыстағы заң бойынша, құқық бұзушылық саласында заңға сүйенген нормалар туралы дерек беру; студенттiк ортада құқық бұзушылықтарды қарастыру; осы жылдың құқық бұзушылық санағымен танысу. Студенттермен кездесуде ОП бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі Қосыбаев Болат Төлеұлы, Қарағанды қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің орынбасары Кенжеболатов Болат Ерменұлы, Қоғамдық әкімшілік полицияның Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі топ капитаны Жакишев Динаш Есимбековұлы, Қоғамдық әкімшілік полицияның Кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде учаскелік инспекторы, аға лейтенант Аманжолов Акимжан Бактыбаевич сөз сейледі. Кездесуге 150 студент қатысты.

Без рубрики