ҚарМТУ студенттерінің Долинка кентіндегі Репрессия құрбандарының мекені болған Карлаг мұражайына баруы


2018 жылдың 31-наурызында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Серпін» бағдарламасы аясында білім алып жатқан  бір топ серпін жастары Репрессия құрбандарының мекені болған Долинка кентіндегі Карлаг мұражайына саяхат жасады.Тарих ғылымының докторы, Дүйсетай Шаймұхановтың пікірінше, Карлаг сталиндік саяси қуғын-сүргіннің адам айтқысыз айуандықпен жүргізілген азалы тарихы.

Мұражайға барған ұстаздар мен студенттер алған әсерлерін айтып, ой бөлісті. СТ-16-1 тобының студенті Манап Ерғали: «Мұндай мұражайы бар ел – келешегін ойлаған ел. Өскелең жас ұрпақ бүгінгі Тәуелсіздіктің  қандай жолмен келгенін біліп, оны құрметтеуге үйренеді. Мұражайдан алған әсеріміз шексіз», – деді. Жазықсыз жапа шеккен, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтардың көрген қорлықтарынан сыр шертетін түрме бөлмелерінен қорқыныш сезімі ұялағанын айтты. Саяхатшылар қазақ  халқының  басынан өткерген саяси қуғын-сүргін тарихынан сусындап, маңызды мәліметтер алды. Рухани жаңғыру аясында өткен саяхаттың маңызы зор болды. Бүгінгі егемен елдің жастары атадан балаға мирас болған тарихи құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтайтынын айтты.

Без рубрики