ҚарМТУ студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» тақырыбындағы тренинг-семинарға қатысты

14-16 наурыз Астанада Елбасы кітапханасының білім беру жобасында ҚарМТУ-дың белсенді студенттері мен оқу озаттары қатысты.

Бұл білім беру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялар мен жаһандық бастамаларын, сондай-ақ мемлекет басшысының Бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын зерттеуге бағытталған.

Семинарға қатысушылар үшін «Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Болашағы біртұтас Ұлт», «Транспарентті есеп беретін мемлекет» тақырыптары бойынша дәрістерді  танымал отандық ғылым докторлары мен кандидаттары жүргізді.

Сондай-ақ, осы іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері, АҚ  ««Өрлеу»  Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Серпiн — 2050» бағдарламасының үйлестірушісі Мұрат Абдуламитұлы Әбенов сөз сөйледі.

Құрметті қонақ мемлекетте жүзеге асып жатқан және жастарға пайдалы екі жоба туралы айтты. Бұл «Болашақ» бірегей бағарламасы және Серпін — 2050 бағдарламасы. Осы бағдарламаның арқасында 8 мыңнан астам студенттер еңбек ресурстары жетіспейтін аймақтарда білім алуда. Мұрат Әбенов  «… келешекте Серпін жобасы «Болашақ» бағдарламасы бойынша студенттерді таңдау үшін жақсы дайындық негізін құра алғанын қалаймыз».

Кездесу соңында Мұрат Әбенов пен Жапсарбай Қуанышев барлық қатысушыларға сертификаттар мен «Біздің президент»  атаулы кітабын тапсырды.