ҚарМТУ студенттері арасындағы «Мен— патриотпын» ең үздік бейнеролик сайысы


Сайыс   2017 жылдың 6 ақпанынан 10 сәуірі аралығында өтедіСайыстың ұйымдастырушысы – ҚарМТУ-дың патриоттық тәрбие жөніндегі  институты.  Сайысқа ҚарМТУ-дың барлық студенттері қатыса алады. Қатысу тегін.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

а) Конкурсқа қатысу үшін берілген тақырып аясынан ауытқымайтындай бейнеролик дайындау қажет;

б)Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар келесі талаптарға сай болуы тиіс: жұмыс, оның мазмұны, сюжеті, сахналық тұлғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеті ҚР заңнамасына қайшы келмеуі тиіс;

в) басқалардың бейне-графикалық материалдарын, мәтіндерін, дизайн идеясын толық немесе тұтастай қолдануға немесе алып, пайдалануға болмайды. Кескіндер әдепке сай болуы тиіс, тұрпайы ым-ишаралар мен балағат сөздер болмауы тиіс;

д) бейнелер және кескіндер бірізді болуы тиіс, материал дыбыстық сүйемелденуі немесе сүйемелдеусіз болуы мүмкін, ұзақтығы  5 минут,  ақпарат тасымалдаушыда берілуі керек.

Конкурсқа қатысу өтінімі  2017 жылдың 6 наурызына дейін  төменде берілген Ережеге қосымшада көрсетілген формаға сәйкес беріледі.

Ережені жүктеу

Без рубрики