ҚарМТУ Шығармашылық үйірмелерінің есеп беру концерті — «Шалқыма» концерт залы


Шалқыма22 сәуір 2016 ж. сағ 17:00- 19:00 аралығында «Шалқыма» концерт залында ҚарМТУ-дың барлық шығармашылық үйірмелерінің есеп беру концерті өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты 2015- 2016 жылдың көктемгі семестріндегі шығамашылық ұйымдардың нәтижелері мен жетістіктерін көрсету, сонымен қатар студенттерді ҚарМТУ-дің шығармашылық үйірмелеріне шақыру.

Концерттік бағдарламаға университеттің келесі шығармашылық ұйымдары қатысты:

— «Вокал» шығармашылық үйірмесі (9 нөмір);
— «Ұлттық билер» шығармашылық үйірмесі(4 нөмір);
— «Көркем» шығармашылық үйірмесі (2 нөмір);
— «Заманауи билер» шығармашылық үйірмесі (2 нөмір);
— «Театр Теней» шығармашылық үйірмесі (2 нөмір);
— «Сары-арка Сазы» шығармашылық үйірмесі (5 нөмір);
— «Guitar Hero» шығармашылық үйірмесі (4 нөмір);
— «Сөз Патшасы» шығармашылық үйірмесі (4 нөмір);
— «9 Регион» КТК тобы (орыс лигасы)

Концерттік зал фойесінде «Көркем» қыздар клубының қатысушылары қонақтарға арнап қолдан жасалған заттар көрмесін ұйымдастырды.
Концертке Университеттің барлық студенттері мен ПОҚ шақырылды (тегін негізде)

Без рубрики