ҚарМТУ полиция жасағы көмекшілерінің ІІД қызметкерлерімен кездесуі


17.05.2017 ж. студенттік жасақ пен ІІД арасында қарым-қатынасты күшейту мақсатында, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша жергілікті полиция қызметінің инспекторы, капитан А.М. Таттибековпен №1, «Армандастар Ордасы» және «Серпіндестер Ордасы» жатақханаларының студенттер кеңесі мүшелері мен полиция жасағы көмекшілерінің жұмыс бабымен кездесуі өткізілді.

Кездесудің тақырыбы: «Қала аумағы мен оқу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау».

Полиция жасағы көмекшілерінің мүшелері Университет аумағында, оқу корпустарында және жатақханаларда қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарының жасалып жатқанын айта кетті.

Кездесу барысында капитан А.М. Таттибеков студенттерге ІІБ қызметіне түсу ретін және қоғамдық тәртіпті сақтау сұрақтарын түсіндіре кетті. Сондай — ақ, қоғамдық тіртіпті сақтауда белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Без рубрики