ҚарМТУ магистранты Дамир Кулбаев ерекше іс жасады


Ол екі айлық шәкіртақысын облыстық балалр емханасына ойыншықтар алуға жұмсады.

Дамир ақпараттық магистратураның 2 курсында  технологиялар факультетінде ақпарттық жүйелер мамандығы бойынша білім алуда.  Күндізгі бөлімінде 700-ге жуық студент оқитын ақпараттық технологиялар факультеті бакалавриаттың 6, магистратураның 3 мамандығы бойынша мамандар дайындайды.

Факультет құрамына 4 шығарушы кафедра кіреді: «Ақпарттық жүйелер», «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтмасыз ету», «Прибор жасау», «Автоматтық жобалау жүйелері» жалпы білім беру кафедрасы «Информатика». Білім беру қызметін 90 оқытушы атқарады, олардың ішінде 3 ғылым докторы, 1 PhD философия докторы, 25 ғылым кандидаты.

«Менің ойымша, кішкентай мүмкіндік болса да көмектесу қажет. Мені бұл іске итермелеген  осы емханаға түскен менің немере қарындасым. Мен ойын бөлмелерінің қандай жағдайда екенін білмедім. Мұны көріп мен шетте қала алмадым және көмектесуге шешім қабылдадым»,-дейді Дамир Кулбаев.

Ақпарттық есептеуіш жүйелер кафедрасының меңгерушісі Азамат Жанболатович Амировтың айтуы бойынша: «Тек тәрбие беру үдерісіндегі студенттерге сауатты әдістемелер қолдану ғана жастар бойында нағыз адами қасиеттерді қалыптастырады.»

ҚарМТУ студенттері мұндай істерді бірінші рет  жасамағанын айтып өткен жөн. Университет негізіндегі «Ақниет» қайырымдылық ұйымы балалар үйінің балаларына және қарттар үйіне жиі көмектеседі.

Без рубрики