ҚарМТУ мақтанышы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Машинажасау» мамандығының 2013 жылғы түлегі  Ажаев Асқар Советович Орал трансформатор заводының директоры болып тағайындалды.Университетті сәтті аяқтаған соң Асқар АҚ «КТЗ»-ға технолог- шебер ретінде қабылданды, ал үш айдан соң инженер- құрылымдаушы лауазымын алды. Өзінің мақсаттылығы, еңбекқорлығы, патриоттығының арқысында, қазақ, орыс және ағылшын тілін еркін меңгерген ол 2014 жылдың наурызында «ЮтЭлектроПривод» ЖШС директоры болды.

24 жаста директор болу- бұл өндірістің дамуы үшін дарынды, болашағынан үлкен үміт күттіретін, белсенді жастар қажет деп есептейтін компания тарихындағы сенбейтін жағдай, себебі экономиканың бәсекеге қабілетті секторы  рыногтағы үдеріске жаңа көзқараспен қарайтын, сауатты, қабілетті жастардың келуін қалайды.

Ел дамуына үлес қосуды мақсат еткен Асқар өзін әр қырынан көрсетіп, өзі сияқты еңбек жолына алғашқы қадам жасап жатқан Орал трансформатор заводының кілтіне ие болды.

Студенттік кезінде Асқар Ажаев  «Жас Орда» ҚарМТУ студенттерінің кәсіподағы төрағасының орынбасары болды. Кәсіподақ оның бүгінгі күнгі кәсіби өсуіне негіз болған ұжымда жұмыс істеу тәжірибесін берді, ұйымдастыру дағдысын қалыртастырды, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін шыңдады, жеке бас қабілеттерін ашты, патриоттық көзқарастарын қалыптастырды.

Асқар Советовичке сәттілік тілейміз, және одан жақсы нәтижелер мен белсенді өмірлік ұстаным күтеміз, ал оның жетістігі  ҚарМТУ студенттеріне, жас инженерлерге үлгі болып, кәсіби шыңдарды бағындыруға шабыттандырады.

 

Без рубрики