ҚарМТУ мұражай бөлмесі жаңа және өте бағалы экспонатпен – мүсіндік композициялармен толықты

ҚарМТУ мұражай бөлмесі Анатолий Билыктың туғандары университетке сыйлаған, жаңа және өте бағалы экспонатпен – мүсіндік композициялармен толықты

Анатолий Петрович Билыктың есімі Қарағандыда өте танымал: оның қолынан ондаған тас мүсіндер шықты, олардың арасындағы ең танымалы «Шахтерлік даңқ» монументі. Өкінішке орай, өткен жылдың шілде айында, мүсінді 86 жасында дүниеден өтті. Таяуда оның шығармашылық мұрасының бір бөлігі қайтарымсыз сыйлық ретінде Қарағанды мемлекеттік университетіне берілді.

Неге ҚарМТУ? Бұл сұраққажауап беру қиын емес: марқұмның жұбайы Людмила Билыктың өмірінің маңызды кезеңі осы оқу орынымен байланысты.

  • Людмила Николаевна біздің кітапханада қырық жыл қызмет етті,- дейді университет ректоры Арстан Мауленович Газалиев. — Біздің ұжымның атынан шын жүректен берілген сыйлық үшін алғысымды білдіремін.

Композиция гипстен жасалған үш мүсіннен тұрады; оның екеуі қола түспен боялған және жұмыс үстіндегі болат қорытушыларды бейнелейді, ал үшіншісі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты  бейнелейді.

— Металлургтердің мүсіндерін әкем 2002 жылы жасады,- дейді Анатолий Петровичтың ұлы Алексей Билык. – Бұл үлгінің кішірейтілген түрі,ол мүсіннің аралық кезеңі. Оның үш метрлік түпнұсқасы қоладан жасалған және  Теміртауда тарихи- мәдени орталықтың алдында орналастырылған  («Металлург» монументі). Анамның айтуы бойынша Президенттің мүсіні 2000 жылы пайда болды, және ол үлгі, көшірме емес, мұндай жалғыз жұмыс, басқасы жоқ.  Олар әкемнің шеберханасында отбасылық кеңесте оларды политехке беру шешімі қабылданғанша көп уақыт бойы тұрды.

ҚарМТУ-дың құрметті профессоры Н.Ә.Назарбаевтың мұражайында тұрған гипстық үштіктің жанында үш тілде тақтада жазылған: «Мүсінші А.П.Билык отбасының тартуы». Сонымен қатар, онда Анатолий Петровичтың суреті пайда болады.

http://nasha-yarmarka.kz/ru/news/id/4357

Без рубрики