ҚарМТУ инженерлік педагогика орталығы Internationale Gesellschaft für Ingenieurpädagogik халықаралық акредиттеу сертификатын алды

ҚарМТУ-дың инженерлік педагогика орталығы Internationale Gesellschaft für Ingenieurpädagogik (IGIP)- пен аккредиттелді және инженерлік педагогика бойынша Халықаралық қоғамының аймақтық орталығы дәрежесін алды.

IGIP жоғарғы техникалық білім беру саласындағы беделді халықаралық қоғамдық ұйымдардың бірі болып табылады, ЮНЕСКО және ЮНИДО жанындағы консультациялық мәртебеге ие.

ҚарМТУ инженерлік білім беруді жаңашаландыру бойынша әлемдік ЖОО тобына кірген қазақстандық екінші оқу орын болды. Бұл өз кезегінде осы орталықтарда жайындықтан өткен оқытушыларға «Инженерлік ЖОО-ның халықаралық оқытушысы» атағын алуға үміткер болуға мүмкіндік береді.

2014- 2016 ж.ж. аралығында Университеттің инженерлік педагогика орталығы  арқылы 387 оқытушы дуалдық оқыту шарттарындағы білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. ЖОО-ның педагогикалық ұжымы ИИДМБ-2 шеңберінде жұмыс берушілердің талаптарына сай құзіретті мамандарды дайындауға кірісті.

Білім алушылардың тәжірибелік дайындығын арттыру мақсатында, ҚР алғаш рет «Ұжымдық университет» инновациялық- білім беру консорциумының негізінде жоғарғы техникалықбілім беру жүйесінде білім беру үдерісіне дуалдық білім беру элементтерін енгізу жүзеге асырылды. Аталмыш идеяны жүзеге асыру үшін іске- қосылды: тау-кен-металлургиялық кешеннің 86 жүйе құраушы кәсіпорыны;  жұмысшы мамандықтарының 6 орталығы (Машинажасау, тау-кен- шахталық құрал- жабдық, құрылыс- жол көліктері, көлік, телебайланыс, энергетика); «Сварка» білім беру орталығы; Корпоративті университеттің бейінді кәсіпорындарындағы шығарушы кафедралардың 60 бөлімшесі.

Заманауи құралдар, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету және халықаралық стандарттар негізінде компаниялармен ынтымақтастық үдерісінде жұмыс істейді: Республикалық орталық «ҚарМТУ – Фесто-Cинергия» «FESTO» концернімен бірлестікте (Австрия, Германия); «ҚарМТУ – Шнайдер-Электрик» Тіркелген білім беру орталығы «Schneider Electric»  корпорациясымен бірге (Франция); лазерлік геосканерлеу Қазақстан- Шейцария орталығы «Leica Geosystems» корпорациясымен бірге  (Швейцария); «Mitsubishi» білім беру орталығы  (Жапония); Қазақстан дәнекерлеу институты «TOTAL (Франция) және «ERSAI» (Италия) » корпорациясымен бірге.

Дуалдық білім беру технологияларны жүзеге асыру, кәсіби білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі, оны жаңашаландырудың тиімділігіне әсер ететін, ЖОО мен жұмыс берушілердің құрылымдық қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.