ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжі студенттерінің КарЛАГ тарихи мұражайына жасаған экскурсиясы


24 мамыр күні Қарағанды қаласы,  Достық үйінің ұйымдастыруымен 31 мамыр «Қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күніне орай «Ұлыларға тағзым-тарихқа тағылым» атты іс-шараны өткізу барысында ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжі, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және Қарағанды экономикалық университетінің студенттері Долинка кентіндегі КарЛАГ тарихи мұражайына  барып, тарихи орынды көруге мүмкіндік алды. ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің КОПЖТ 9/16-1 тобының студенттері КарЛАГ тарихи мұражайын аралап, тарихта орын алған оқиғалар туралы естеліктерді тыңдап, тарихи құнды құжаттарды өз көздерімен көріп ерекше әсер алып қайтты. Осындай тарихи орындарға барып, экскурсия жасау, студенттердің отансүйгіштікке деген сезімдерін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

Без рубрики