ҚарМТУ-дегі Университет аралық жарыссөздің өткізілуі


2017 жылдың 22-23 сәуір аралығында Университет қабырғасында «Алаш» қозғалысының 100-жылдығына арналған, Университет аралық жарыссөз өткізілді.

Жарысты ұйымдастырушылар – «Самрұқ» жарыссөз клубының қатысушылары (қазақ лигасы).

Жарысқа жоғарғы оқу орындарынан 24 команда қатысты:

  1. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
  2. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
  3. Қарағанды экономикалық университеті;
  4. Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті;
  5. Назарбаев зияткерлік мектебі.

Жарыстың төрешілер құрамына жарыссөз клубы қатысушыларынан тағайындалғандар: ҚарМТУ, ҚарМУ, КЭУ.

Басты төреші ГД-16-1 тобының студенті Арман Рымканов (ҚарМТУ).

Жүлдегерлер:

I орын — Ксан Гүлзада, Каримов Абай (НЗМ1 командасы);

II орын –Рахибгреева Наргис, Оспанова Нұр (ҚарМУ командасы);

III орын — Темиреева Ақнұр, Талбаева Перизат (НЗМ2 командасы);

«Ең үздік спикер» жүлдесін Аманжолова Айсұлу (ҚЭУ командасы) алды.

Без рубрики