ҚАРМТУ-да – ЖАҢА РЕКТОР


Бүгін, 22 желтоқсан күні ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымын жаңа ректор – белгілі ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Марат Кеңесұлы Ибатовпен таныстырды.

Таяуда Астанада Мемлекеттік жоғары оқу орындарының басшылығына кандидаттарды анықтау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өткен болатын. Республикалық конкурстық комиссия, әңгімелесу мен жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны талқылау нәтижесінде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры лауазымына Марат Кеңесұлы Ибатовты тағайындауды ұсынды. Ректор жаңа талаптарға сәйкес, нақтырақ айтқанда, ашық конкурс әдісімен сайланды.

Бұрынғы жылдары мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР Білім және ғылым министрі тағайындайтын. Және оқу орындарының басшылары өз қызметтерін екі және одан да көп мерзімнен басқарып келді. Бұрын да хабарланғандай, аталған қызметке тағайындаудың жаңа жолы басқарудағы дербестікті жетілдіру мен білім сапасын арттыру, сонымен қатар олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мақсатын көздейді.

Министр, сонымен қатар, Республикалық комиссияның тағы бір кандидат – Сергей Георгиевич Ожигинді ҚарМТУ проректоры қызметіне тағайындау туралы ұсынысын да жария етті.

Анықтама

МАРАТ КЕҢЕСҰЛЫ ИБАТОВ

1961 жылы Қарағанды қаласында туған. 1983 жылы Мәскеу автомобиль-жол институтын (МАЖИ) үздік тәмамдаған соң, жолдамамен Қарағанды политехникалық институтына келіп, аға инженер, кіші ғылыми қызметкер болды.

1987–1990 ж.ж. МАЖИ аспирантурасында оқыды.

1991 жылы МАЖИ-да техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады.

1991 жылдан ҚарПТИ-да (кейінгі ҚарМТУ) ассистент, аға оқытушы, доцент, «Автомобиль көлігі» кафедрасының профессоры болды.

1995–1997 ж.ж. ҚарМТУ оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподағы төрағасының міндетін атқарды.

1997–2007 ж.ж. көлік-жол факультетінің деканы болды.

2003 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

2005 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау жөніндегі комитетінің шешімімен оған профессор ғылыми атағы берілді.

2007-2008 ж.ж. – ҚарМТУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры.

2008-2011 ж.ж.  – ҚарМТУ-дың «Автомобиль көлігі» кафедрасының меңгерушісі.

2011-2012 ж.ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры қызметін атқарды.

2012 жылдан – Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің ректоры.

Бірқатар мемлекеттік наградалардың иегері.

Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – көлік техникаларының пайдаланылу сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, ауаның зиянды қалдықтармен ластануын азайту. 160-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектерін жариялаған.

 

 

Без рубрики