ҚарМТУ-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты өтті


2018 жылдың  14 наурызы күні ҚарМТУ-дың 1-корпусындағы  207 және 209 аудиторияларда  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ҚР заңнамасының қалыптасуына 20-жыл» тақырыбында бірыңғай сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты –  қоғамда, әсіресе, студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

 

Шара аясында университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н. А. Алпысбаева  және ҚХА және ӘГП кафедраларының оқытушылары Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыруда, әсіресе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда университетте жасалып жатқан шаралар жайлы әңгімеледі.  Жастарға Президентіміздің биылғы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағытында көрсетілген жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері айтылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына сәйкес жоғарғы оқу орындарында  жемқорлық әрекеттерін болдырмау шаралары және оларды заңмен қудалау жолдары, яғни, әкімшілік-құқықтық жазалар бойынша түсініктемелер берілді.

Без рубрики