ҚарМТУ-да nFactorial Challenge мобильдік қосымшалар чемпионаты өтеді

28 қаңтар күні сағат 09.00-да ҚарМТУ бас корпусының 338 дәрісханасында nFactorial Challenge мобильдік қосымшалар чемпионатының үшінші туры өтеді. Шараны ұйымдастырушы ZeroToOneLabs.com компаниясының бас директоры, ҚарМТУдың түлегі және Принстон университетінің магистранты Арман Сүлейменов.

Шараның басты мақсаты 10 мың бағдарламашы даярлап, әлемдік деңгейдегі 10  мың бағдарламалық өнімді іске қосу үшін қазақстандық университеттер студенттерінің ғылыми жетістіктерін анықтау болып табылады.

Негізгі міндеті – қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бағдарламалық өнімдердің заманауи әлемдік нарығына шығаруға жағдай жасау.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысына қазылар алқасының алдында өз өнімі туралы баяндауға (слайдтармен) 2 минут уақыт беріледі. Үш жеңімпаздың әрқайсысына Сан-Францискодағы Кремний жазығында 12 апта білім алып қайтуға Yessenov Foundation 10 мың АҚШ доллары көлемінде грант бөледі. Олар сондағы жазғы мектеп аясында өздерінің техникалық жетістіктерін көрсетіп, бағдарламалау мен маркетинг саласындағы Гай Кавасаки, Стивен Вольфрам, Джастин Кейн секілді бірқатар жетекші шеберлерден тәжірибе ала алады.

nFactorial Challenge мобильдік қосымшалар чемпионаты Алматы, Қарағанды және Астана қалаларында өткізіледі.

nFactoriaIncubator бағдарламасы жұмыс істеген бір жарым жыл ішінде 110-нан астам мобильдік қосымшалар іске қосылып, халықаралық деңгейдегі екі жүзден астам бағдарламалық инженерлер мен дизайнерлер даярланды.

Дамудың кез келген сатысындағы мобильдік қосымшалар қабылдана береді: ол әзірге идея, прототип немесе іске қосылған өнім болуы мүмкін. Байқауға қатысу үшін 26 қаңтар күнгі сағат 23:59-ға дейін тапсырыс беру қажет:  http://bit.ly/apply-n17r-2017

 

Ұйымдастырушы туралы анықтама

Арман Сүлейменов. CEO, ZeroToOneLabs.com. Негізін салушы, N17R.com. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Магистратура, Princeton University (АҚШ). Бакалавриат, Purdue University (АҚШ). Бұрын – Collections (Y Combinator S12, Mountain View, CA) негізін салушыларының командасы. ACM ICPC World Finals 2009 бағдарламасы бойынша әлем чемпионатының финалисі (Стокгольм, Швеция), 2011 (Орландо, АҚШ). Қазақстан Президентінің алдында мәлімдеме жасаған: https://youtu.be/7fsCUdXrWe8

 

Компания туралы анықтама

ZeroToOneLabs.com – бірегей мобильдік өнімдер студиясы. N17R.com – бағдарламалаудың Кремний жазығындағы 12 апталық жазғы мектебі. 2015 жылдың мамыр айынан бері бұл компания 110+ мобильдік қосымшаны іске қосып, 200-ден астам инженерлер мен дизайнерлерді оқытып шығарды. Біздің мақсатымыз әлемдік деңгейдегі – 10 мың инженер даярлап, 10  мың бағдарламалық өнімді іске қосу.

 

Чемпионат бағдарламасы

9:00-10:00 Тұсаукесерлерге даярлық

10:00-10:30 Кіріспе сөз

10:30-14:00 Қатысушыларды мобильдік өнімдермен таныстыру

14:00-14:30 Қазылар алқасының шешімдер қабылдауы

14:30-15:00 Жеңімпаздарды жариялай

 

Без рубрики