ҚарМТУ-да «Ашық есік күні» өтті

11 сәуір күні ҚарМТУ-дың акт залында қаламыздың Пришахтинск, Майқұдық және Сортировка елді-мекендерінің мектеп оқушыларымен «Ашық есік күні» аясындағы кездесуі өтті.  Университет басшылығы мен ғалымдары келген қонақтарға білім ордасының тарихы, қалыптасқан дәстүрлері, міндеттері мен мақсаттары турасында әңгімеледі.

ЖОО-ның бірінші проректоры Аристотель Исагулов: «ҚарМТУ – сапалы техникалық білім алудың  кепілі, еңбек нарығында да жұмыс берушінің таңдауы ең алдымен біздің түлектерімізге түседі, — дей отыра, оқу орнының әлем елдерінің университеттерімен ғылыми байланысы, тәжірибе алмасу бағыттары, абитуриенттерге берілетін гранттар бағдарламалары және стипендиялар туралы  баяндады.

Кездесу соңында қатысушыларға университетте оқытылатын мамандықтар жайлы қосымша материалдар ұсынылып, мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Без рубрики