ҚарМТУ Болон процесі


ҚарМТУ Болон процесі

2010 жылы Будапешт қаласында өткізілген Еуропа мемлекеттерінің білім министрлерінің форумы барысында Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы нақты шешім қабылданды. Қазақстан Болон процесінің 47-ші қатысушысы болып табылады. Бұл орталық Азия мемлекеттерінің ішінде еуропалық білім беру кеңістігінің тұңғыш толық мүшесі болып табылады. Қазақстанның қосылуы туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 мемлекет қолдады. Қазақстан Республикасының жалауы Болон процесіне қатысатын мемлекеттер жалауларының галереясына орнатылды.

2009 ж, 17 қыркүйекте Magna Charta Universitatum ХХІ конференциясында Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің Болонья қаласында (Италия) Университеттердің Ұлы Хартиясына енуі жүргізілді.

Университет Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғазалиев А.М. келісім-шартқа қол қойды және біздің Университет Болон процесінің қатысушысы ретінде  жоғарғы оқу орындарының тізіміне қосылды.

 

Студенттердің академиялық мобильділігі

ҚарМТУ туралы

Без рубрики