ҚарМТУ кәсіби бағыттағы магистранттарының дипломдарын табыстау 2017 ж. 10 ақпан


2017 жылы 10 ақпан сағат 11.00-де ҚарМТУ бас корпусының акт залында ҚарМТУ кәсіби бағыттағы магистранттарының дипломдарын салтанатты табыстау өткізілді.

Құттықтау сөз сөйлегендер:

—ҚарМТУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Кеңесұлы Ибатов;

—«Казпромавтоматика» компания тобының техникалық директоры Лепихов Дмитрий Александрович;

— «Өндірістік үдерісті автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Брейдо Иосиф Вульфович;

— «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, доцент Балбекова Бахыт Кабкеновна.

«Магистратураны бітіру туралы» бұйрықты жоғарғы оқу білімінен кейінгі басқарма жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Султанова Лилия Минулловна оқыды. Магистранттарға дипломдарды ҚарМТУ бірінші проректоры, техника ғалымдарының докторы, профессор Исагулов Аристотель Зейнуллинович табыстады.

Марапаттаудан кейін Университет шығармашылық үйірмелерінің қатысушылары ұйымдастырған кішігірім концерттік бағдарлама өткізілді.

Без рубрики