ҚарМТУ қазақ тіліндегі жаңа оқулықтарды алды

Әлемдік үздік әдебиет үлгілерін қазақ тіліне аудару идеясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елбасының өткен жылдың  12 сәуірі күні жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңғырудың бір жобасы ретінде оқырманға үздік әлемдік әдебиет үлгілерін ұсыну қолға алыну қажеттілігі айтылған болатын.  Міне, тура бір жыл өткен соң Мемлекет басшысының бастамасымен «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының операторы атанған Ұлттық аударма бюросы құрылып, биыл осы  ұйым шығарылған оқулықтар  жайлы есеп берген еді.

17 мамырда Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жоғарғы оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып, кітапхана қорын 1485  жаңа кітаппен толықтырды.  Бұл түпнұсқалық ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударылған «Экономикс», «Менеджмент», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі заманғы психологияға кіріспе», «Кәсіпкерлік: теория, үрдіс, тәжірибе», «Әлеуметтану негіздері», «батыс философиясының жаңа тарихы. Антикалық философия. Орта ғасыр философиясы», «Антропологияның тарихы мен  теориясы», «Әлеуметтану теориясы».

Кітаптар келісімен университет кітапханасының әдебиеттерді ғылыми өңдеу және  бөліміне жөнелтіліп, бұдан кейін  қызмет көрсету секторына беріледі.

Техникалық білім саласын игеріп жатқан студент жастар енді  аталмыш қызықты да қиын пәндерді ана тілінде оқу мүмкіндігіне ие болып, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану,  тіл білімі, экономика негіздерін түпнұсқалық үлгідегі оқулықтардан үйрене алады.

Без рубрики