ҚарМТУ ғалымдары Елбасы кітапханасының мұрағатына Мемлекет басшысының бірегей фотоқұжаттарын тапсырды

27 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Жаңа Қазақстандық Патриотизімді Қалыптастыру» патриоттық тәрбие Үлгісінің тұсаукесері өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының тыңдаушылары мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Кемел Ел» жастар тәрбие орталығының мүшелері қатысты.

0U3A2538

Ұсынылған Үлгі 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде әзірленіп және әрқайсысы семестрге есептелген жеті бағытты қамтиды. Үлгінің мазмұны мен құрылымы икемді және қажеттілігіне қарай жаңартылып отырады. Мәселен, оны одан әрі дамыту мақсатында жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» құндылықтары 2014 жылдың мамыр айындағы патриоттық тәрбие беру Үлгісінің әдіснамалық негізі болды.

0U3A2739ҚарМТУ ректоры, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі Арстан Ғазалиев Үлгінің мәні туралы әңгімелеп, Кітапханаға сыйға тартуға дайындаған материалдарының мазмұнын ашты:

«Біздің Үлгі тәрбие жұмысы технологиясына айналды. Біз 250 құжат әкелдік. Қазіргі уақытта бұл кешенге 5 монография, 6 кітап, академиялық топтардың жетекшілеріне арналған 20 әдістемелік нұсқаулар, 58 таратылым қағаздары, 60 бейнефильмдер мен бейнелекциялар кіреді. Кураторлар кеңесі және Ақсақалдар кеңесі құрылған».

0U3A2563

ҚарМТУ құрметті профессоры, сыртқы істер министрі (1991-1994 жж.), Төтенше және Өкілетті Елші (1996-2005), саясаттану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры Төлеутай Сүлейменов ұлттың зияткерлік мұрасын жинау және сақтау бастамасы мен шақырғандары үшін Елбасы кітапханасына ризашылығын білдіріп: Кітапхана халықпен жасалған, нәтижесінде ұлт құрылатын еңбекті ғасырлар бойы сақтай береді. Ол, жастарды тәрбиелеуде Н.А. Назарбаевтың тұлғасы аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті. «Елбасының қарапайым жұмыскерден Мемлекет басшысына дейінгі жолын мысалыға алуға болады. Ол, болашаққа нық сеніммен қарайтын – оптимист адам. Өз халқының тарихын зерттеп, үйреніп, тәрбиеленіп, мемлекетіміздің ұлттық мүдделерін қорғап, оны сақтап қалу, халықты сендіру мен соңынан ерте білу, бұл жастарымыздың бой түзейтін мысалы. Бұл бірегей тұлға. Ол – әлемдік масштабтағы көшбасшы».

0U3A2590

Сондай-ақ, шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Н.А. Назарбаевтың курстастары – Ж. Абишев атындағы Химия-металлургия институтының бас ғылыми қызметкері Қабидолла Сарекенов, профессор Қайролла Қызыров, Қуаныш Омашев, Ермек Тулеубаев және Виктор Никонов қатысты.

0U3A2512

Іс-шара барысында ҚарМТУ ректоры, Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Арстан Ғазалиев Елбасының Қарағанды облысындағы оқыған және жұмыс істеген жылдарымен байланысты бірегей фотоқұжаттарын Кітапханаға сыйға тартты. Оның ішінде – «Қарағанды политехникалық институтының студенті Н.А. Назарбаев практикалық сабақта», «Химиялық зертханада сабақта», «Н.А. Назарбаевтың бригадасымен салынған Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты совхозы үйлерінің біріндегі Мемориалдық тақта» тағы басқа.

0U3A2674

Қарағандылық делегация мүшелері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау Академиясының тыңдаушыларына «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингін аяқтағандығы туралы сертификат табыстау рәсімге қатысты.

0U3A2753

0U3A2868

Кездесу қатысушылары «Тарихтан тағлым» көрмесімен танысып, Кітапхана бойынша экскурсия жасады және оларға кездесуден естелік ретінде Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары сыйға тартылды.

0U3A2903

Без рубрики