ҚарМТУ-ға Қазақстандағы АҚШ істері бойынша уақытша сенімді өкіл келді

21 қарашада ҚарМТУ-ға Қазақстандағы АҚШ істері бойынша уақытша сенімді өкіл – Майкл клечески келді.

ҚарМТУ  ғылым, білім және өндіріс байланысының негізінде ИИДБМБ-2 жобаларын жүзеге асыру мақсатында бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды қамтамасыз ететін 10 негізгі университеттердің қатарына енді.

Бүгінгі күні ҚарМТУ Қарағанды облысын индустриалдандыру картасының 80 кәсіпорын- жобаларымен  1862 маманды мақсатты түрде дайындау үшін келісімшарт жасасты.

ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев және АҚШ-тан келген қонақ арасында жоғарғы оқу орының АҚШ-тың алдыңғы қатарлы университеттерімен «Металлургиядағы нанотехнологиялар», «Болат өндірісі», «Тау-кен ісіндегі инженеринг», «Геотехника», «Тау-кен кешенінің машинажасауы»,«Дәнекерлеу өндірісінің технологиясы және құрылғысы» және «Робот техникасы» жаңа басым мамандықтар бойынша ынтымақтастық бағдарламаларын белгілеу туралы сөз қозғалады.

Без рубрики