ҚарМТУ-ға – 65 жыл!

2018 жылдың 14-15 маусымы күндері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқу орнының 65-жылдық мерейтойына арналған «Ғылым, білім және өндірісті біріктіру – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (дәстүрлі №10 Сағынов оқулары) өтті.

Конференция бағдарламасына сай бұл күні «Корпоративті университеттің» 10-жылдығына арналған осы ұйымға мүше өндіріс орындары мен мекемелер басшыларының алқалы кеңесі (ҚарМТУ кеңес залында) ұйымдастырылды.   Кездесудің басты тақырыбы – ЖОО-ның ірі өндіріс орындарымен, бизнес-құрылымдарымен байланысын нығайту және дамыту, білім ордасының өнеркәсіптік мекемелердегі  базалық кафедралары жұмысының тиімділігін арттыру.

Одан кейін қатысушылар мен қонақтар ректордың шақыруымен ҚарМТУдың негізін қалаған академик А.С. Сағыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Туған жер» жобасы аясында университет жанында ашылған  «Профессорлар аллеясын» тамашалады.

Сондай-ақ бағдарлама бойынша қонақтар «Индустрия 4.0» және «Цифрлы машина жасау» ғылыми-білім беру орталықтарының таныстырылымына куә болды.
«Өндірістік үдерістерді автоматтандыру» кафедрасында ашылған «Индустрия 4.0» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстандағы Delta Electronic компаниясының ресми өкілі «Промэлектросистем» ЖШС тарапынан жасақталды. Серіктес компания кафедраның аудиториялық қорына өндірістік үдерістерді автоматтандырудың кең спектрлі құрылғыларын зерттеу және жасауға мүмкіндік беретін оқу-тәжірибелік стендттерді сыйға тартқан. Таныстырылым соңында ҚарМТУ мен «KMG Automation» (Атырау қ.) компаниясы арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Дәл осы уақытта білім ордамыздың «Энергетикалық жүйелер» кафедрасында «Энергиялық тиімді технологиялар» зертханасының ашылуы өтіп жатты. Бұл зертхана университеттің Schneider Electric компаниясымен бірлесе жұмыс жасаған 9 жылдық еңбегінің нәтижесі болып табылады. Атап айтсақ, осы кәсіпорын тарапынан жабдықталған алғашқы зертхана бұдан үш жыл бұрын 2015 жылы жоғарыда айтылған «Өндірістік үдерістерді автоматтандыру» кафедрасында ашылған еді. Ол өндіріс құрал-жабдықтарын ұзақтан басқару саласын зерттеп, дамытуға бағытталған болатын. Ал жаңа зертханада студенттер электроэнергетика саласында қолданылатын заманауи басқару жүйелерімен танысып, компания сыйға тартқан құрылғыларда өз білімін тәжірибемен ұштастырмақ. Мұндағы мақсат – жастарды өндіріс орындарындағы құрылғылармен жұмыс жасай білуге университет қабырғасында үйрету, олардың біліктілік сапасын арттыру.

Келесі «Цифрлы машина жасау» ғылыми-білім беру орталығының ашылуы университеттің «Технологиялық құрылғылар, машина жасау және стандарттау» кафедрасында өтті. Оқу орталығы машина жасау саласы бойынша конструктор, технолог, жөндеушілерді дайындаудың жаңа әдістерін оқу ортасында апробациялауды мақсат етеді. Зертхананы университетпен студенттерді оқыту және тәжірибеден өткізу саласында тығыз жұмыс жасайтын Қарағандылық «Maker» ЖШС-і сыйға тартты. Оған NX және TeamCenter бағдарламаларымен жабдықталған Siemens и Fanuc компанияларының құрылғылары қойылды. Бұл құрылғылардың көмегімен студенттер металл бұйымдарды және олардың бөлшектерінің электронды макетін компьютерде жасап көріп, өздері жасаған бұйымдарды зауытқа барып, станоктарда әзірлеуді үйренеді. Аталған кешенге түрлі объектілер мен үдерістерді зерттеуге, модельдердің пішінін құрастырып, тиімділігін есептеуге, өзгертуге, бағдарламалық тұрғыда сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін өнімділігі жоғары компьютерлермен жабдықталған екі аудитория берілді.

Пленарлық мәжілісті университет ректоры Марат Кеңесұлы Ибатов ашып, өз сөзін ол:
– 65 жыл ішінде білім ордамыз замана, өндіріс пен индустрияның талабына сай, жылдан-жылға өзгерді – алдымен ол тау-кен институты, политехникалық институт, техникалық университет болып ауысты, алайда осынау қасиетті қара шаңырақтың ғылыми дәстүрлері өзгерген жоқ. Бүгінгі таңда өткізіліп отырған кезекті 10- Сағынов оқуларының мақсаты – техникалық ғылымның перспективті бағыттарын анықтау және Тәуелсіз Қазақстанның технологиялық жаңғыру кезеңінде олардың тиімді нәтижелерін өндіріске енгізу, — деп тұжырымдады.

Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.О. Дулатбеков, Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат бойынша орынбасары Ж.А. Абишев, қоғамдық ұйымдарының басшылары, банк өкілдері, аймақтық ЖОО-ның басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, университет түлектері, сондай-ақ магистранттар мен студенттер қатысты.
Кеңесте ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.З. Нығматулиннің, Қарағанды облысы әкімі Е.Ж. Кошановтың, ҚР БжҒМ министрі Е.К. Сагадиевтің, ҚР Парламенті Сенатыны Комитетінің халықаралық мәселелер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша төрағасы Д.Н. Назарбаеваның, ҚР Парламенті Сенатыны Комитетінің әлеуметтік-мәдени даму және ғыщым бойынша төрағасы Б.С. Айтимованың, ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Г. Балаеваның құттықтау сөздері оқылды.

Сондай-ақ университеттің мерейтойына орай өңір басқармаларының, аймақтық департаменттер, қоғамдық ұйымдардың басшылары, Қазақстанның және шетелдік ЖОО-ның ректорлары, ардагер ұстаздар мен университет түлектері де құттықтау тілектері мен телеграммаларын жолдаған.

Конференция жинағына Қазақстанның ғылым, білім беру және өндірістік ұйымдарынан, 45 ЖОО-нан, әлемнің 17 АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Польша, Австрия, Австралия, Швейцария, Индия, Сирия, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан сияқты алыс және жақын шет елдерден жалпы саны 757 баяндама келіп түскен.
Пленарлық отырысқа сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік ұйымы», «Шұбаркөл Көмір» сияқты өзге де ұлтаралық және отандық ірі компаниялардың басшыларының қатысуы бұл бас қосудың маңызын арттыра түсті.

Мәжілісте алыс және жақын шет елдердің ЖОО-ның және отандық ғалымдардың баяндамалары аса үлкен ыждахаттылықпен тыңдалды.

Сағыныв оқуларының басты өзгешелігі сол, конференция аясында аймақ өндірісін дамыту және жаңарту сұрақтары қарастырылған 12 дөңгелек үстел жұмыс жасады. Олар: «XXI ғасыр білімі»; «Энергетика және энергия сақтау»; «Автоматтандыру. Робототехника», «Ақпараттық-өлшеу жүйелері және инфокоммуникациялық технологиялар», «IT- және Smart технологиялар», «Тау-кен, геология және пайдалы қазбаларды өңдеу мәселелері»; «Металлургия, материалтану және машина жасаудағы инновациялар», «Құрылыс саласының өзекті мәселелері мен даму перспективалары: инновациялар, жаңғыру және энергиялық тиімділік», «Көлік және логистика»; «Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы»; «Кәсіпкерлік, қоғамның инновациялық дамуы ретінде»; «Химия-биологиялық ғылымдар»;
Екі күнге созылған оныншы Сағынов оқулары қатысушылар тарапынан бір ауыздан қолдау тапқан конференция шешімімен соңына ерді.

Без рубрики