Қарағандыда ректорлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстың жоғарғы оқу орындары Хартиясына қол қойды


2017  жылдың 3 мамыры күні Қарағандыда ректорлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстың жоғарғы оқу орындары Хартиясына қол қойды. Құжатқа  қол қою рәсімі академик Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-да өтті. Шараға ҚарМУ, ҚарМТУ, «Болашақ» академиясы және серіктес қалалардағы ЖОО-ның басшылықтары қатысты. Аталмыш құжатта университеттер мен институттарда жемқорлықтың алдын алу және онымен күресудің негізгі механизмдері мен тұжырымдамалары келтірілген.

Енді ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа және осы секілді заңбұзушылықтардың салдарына байланысты өзекті мәселелерді талқылайтын сессиялар мен форумдар өткізу жоспарлануда.
Хартияға қол қою рәсімі «Парасыз болашаққа. Бірге!» форумы шеңберінде өтті. Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, жемқорлардың үгіттеуіне берілмей, пара талап ету әрекеттері болса, университет ректоратына шағымдану керектігі айтылды.

karaganda-region.gov.kz

Без рубрики