Қарағанды теміржол колледжінде өткен «Ең жақсы маман» атты тәрбиелік іс- шараның есебі

2015 жылдың 25 қарашасында «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» «Серпін- 2050» бағдарламасы бойынша Қарағанды теміржол колледжінде білім алып жүрген арнайы грант иегерлерінің ұйымдастыруымен «Ең жақсы маман» атты тәрбиелік мәні бар сайыс өткізілді. Аталмыш сайысқа «Серпін- 2050» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Шолпан Аханқызының жетекшілігімен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Серпін- 2050» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер де қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды:
1. Билет (сұрақ- жауап);
2. Өз мамандығы бойынша плакаттарды түсіндіру;
3. Өз мамандығы бойынша көрініс көрсету;

Без рубрики