«Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығынан» Алғыс хат


Құрметті, Арстан Мәуленұлы!

«Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығы» Сізге Әлімхан Ермеков атындағы Математика пәні бойынша бірінші республикалық олимпиаданы өткізуге қолдау көрсеткеніңіз және нәтижелі ықпалдастық қызметіңіз үшін шынайы ризашылығы мен құрметін білдіреді.

Олимпиаданы өткізу кезінде ҚарМТУ-дың ҚР Тұңғыш Президенті атындағы оқу орталығы ұйымдастырушыларға жоғары сапалы, техникалық қолдау көрсетті.

Сізге шығармашылық табыс және жетістіктер тілей отырып, ҚарМТУ-дың ҚР ЖОО-ның арасындағы үздік білім ордасы болып қала беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Без рубрики